• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Қаңтар, 2024

«Мырзағали Айтжановты бірнеше ел қызметке шақырған». Әзиз Қожамбетов бас бапкердің не үшін бас тартқанын айтты

1595 рет
көрсетілді

Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановты бірнеше ел қызметке шақырған. Бұл жайында Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Әзиз Қожамбетов «Бірінші бол» ютуб арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Көрші елден бізге келіп нәпақа тапқысы келетін боксшылар да бар. Керісінше, біздің саңлақтарға да қызығушылар көп. Мысалы Мажарстан мемлекетінің бокс мамандары әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетовті сол елдің азаматы атандырып, додаға қосуға ыңғай танытты. Бекзат келісім берген жоқ. Сондай-ақ бокстан ұлттық құраманың бас бапкері, білікті маман Мырзағали Айтжановты Әзербайжан елі бірнеше боксшысын ертіп келіп жұмыс істеуге үгіттеді. Тіпті төлейтін жалақы сомасы өте қомақты болды. Оңтүстік Корея елінен де Айтжановқа «құда түсіп»  қызметке шақырды. Мырзағали Құланұлына шетелден ұсыныс түскенде бас бапкерліктен босап,  қаражаттан қысылып жүрген еді. Ол сонда материалдық жағдайын жасап береміз деген ұсыныстан бас тартып, елден жырақ кеткен жоқ», деді Ә.Қожамбетов.