• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Қаңтар, 2024

Төбелеске қатысқан екі әскери қызметші қамалды

241 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрлігі екі әскери қызметшінің қатысуымен болған төбелеске қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға бейнеленген видео әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыланған еді.

1 қаңтарда Жамбыл облысы Полиция департаменті мен Қордай ауданы Полиция бөлімі қызметкерлері бір топ адамның үстінен бұзақылық жасады деген фактімен қылмыстық іс қозғалды. Аталған төбелес кезінде екі азамат дене жарақатын алған.

Қылмыстық істі тергеу барысында Гвардейск гарнизонында келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің оқиғаға қатысы бары белгілі болды.

«ҚР ҚІЖК-нің 128, 131-баптарына сәйкес осы қылмысты жасады деген күдікпен алты адам ұсталды, оның ішінде 2 әскери қызметші қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

ҚР ҚК «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі «төбелес әскери қызметшілер мен қарапайым азаматтар арасында болды», «әскерилер жергілікті тұрғынды соққыға жықты» деген ақпараттардың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Жаппай төбелескендердің ішінде тек екеуі әскери қызметші. Министрлік оқиға жұмыстан тыс уақытта болғанын нақтылады.