«Бармысың, бауырым» редакциясы бельгиялықтар асырап алған Jani Eddy J Saveliev-тың анасын іздеу үшін Арқалыққа барды. Аталған радио - хабардың редакторы бұл жаңалықты желіде бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
«Бармысың, бауырым» радио-хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан мен бағдарлама редакторы Әсел Асқар Жәнібектің анасын іздеу үшін Арқалыққа арнайы барды.
Журналистер Жәнібектің құжат бойынша елде болу мерзімі аяқталса да оның анасын іздеуді тоқтатқан жоқ.
Жәнібек өз кезегінде редакцияға сенімхат тапсырып, өз атынан шешім шығаруға сенім білдіріп кеткен еді.
Айта кетейік, болжамды ананың айтқандары мен біршама жыл бұрынғы оқиғалар тізбегі тура келсе де, ДНҚ сараптамасы сай келмеді.
Күні кеше Арқалықта тағы бір болжамды ана ДНҚ сараптамасын тапсырған еді.