• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қаңтар, 2024

Жезқазған – Өскемен ұшақ жолы

146 рет
көрсетілді

Жаңа жыл жаңа облысқа жақсы жаңалығын ала кел­ді. 12 қаңтардан бастап Жез­қазған – Өскемен ара­лы­ғында әуе қатынасы жол­ға қойылады.

Авиарейстерді аптаның сәрсенбі, жұма күндері qazaq air әуекомпаниясына тиесілі жаңа генерацияланған «de-Havilland Dash 8-Q400» кана­далық әуе кемесі атқарады. Екі араға кететін ұшу уақыты екі сағат мөлшерінде. Бағасы да қалтаға ауырлық түсір­мейді. Ере­сектер үшін 15 мың теңге болса, 14 жасқа дейінгі балалар 50 пайыз жеңілдікті пайдалана алады.

Қолжүгін тасымалдау нормасы – 5 кг, жол­жүгі – 20 кг. Ұшу датасы мен билеттерді қайтару кезінде ақша ұсталмайды.

– Облыс ашылғаннан бері еліміздің басқа өңірлерімен әуе қа­тынасы да жиілей түсті. Бұ­рынғы Астана, Алматы, Қа­ра­ғанды бағыттарына өткен жылы Шымкент бағыты қосылса, енді міне, ұлытаулықтар Шығыс Қа­­зақстанға, олардан бізге ұшақ­­пен қатынау мүмкіндігі ту­ындап отыр. Егер бұрын бұл екі аралықта тікелей көлік қаты­насы болмағанын ескерсек, жаңадан ашылған әуе қаты­насының орны ерекше болғалы тұр, – дейді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Еркеназ Шоқан.

Ал біз өз тарапымыздан Ұлы­таудан ұшатын ұшақтар саны жиі­лей түссе екен деген тілек қос­тық.

 

Ұлытау облысы