• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Қаңтар, 2024

Өнеркәсіп алпауыттары геологиялық барлауға белсене кірісті

115 рет
көрсетілді

2023 жылғы 20 желтоқсан күні e-qazyna.kz платформасында электрондық аукцион сәтті өткеннен кейін еліміздің тау-кен өнеркәсібі әлемдегі ең ірі компаниялардың назарына ілікті. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хабарлауынша, бұл тарихи сәт елдің өсіп келе жатқан тартымдылығын арттыра түсті. Сәйкесінше қазіргі уақытта «Riotinto» (Аустралия, Ұлыбритания), «Fortescue» (Аустралия), «Kratos Resources» (Ұлыбритания), «Cove Capital» (АҚШ), «Eczacibasi Holding» (Түркия), «Қазақмыс корпорациясы» (Қазақстан), «ERG Exploration» (Қазақстан), NGK «Қазгеология» (Қазақстан) және басқа да алпауыт компаниялардың назары түсті.

«Rio Tinto Group» – аустра­лия­лық-британдық концерн, әлемдегі үшінші ірі тран­сұлт­тық тау-кен металлур­гия­лық компаниясы. «Fortescue Metals Group» – аустралиялық те­мір рудасын өндіруші компа­ния және өндірістік қуаты бойын­ша әлемнің төртінші ірі те­мір рудасын өндіруші. «Rio Tinto Group» және «Fortescue Metals Group» сияқ­ты тау-кен компания­ларының нарықтық капиталдануы 180 миллиард доллардан асады.

«45 жер қойнауы учаске­сінде қатты пайдалы қазба­лар­ды барлау құқығын алу­ға бағытталған аукцион 2,5 мил­лиард теңгеге жуық қолтаң­ба бонусымен аяқталды, бұл стратегиялық маңызды аумақ­тарға қызығушылықтың жоға­ры екендігін көрсетеді. Ше­телдік ірі компаниялардың қатысуы олардың жаһандық бәсекелестікке деген ұмты­лысын көрсетіп қана қоймай­ды, сонымен қатар аймақтағы барлау құқығы үшін күрестегі үлесті арттырады», деп хабарлады министрлік.

Мемлекет басшысы Жол­дау­да Үкімет алдына 2026 жылға қарай зерттелетін аумақ­­ты 2,2 миллион шаршы шақы­рымға дейін ұлғайту жөнін­де міндеттер қойған еді. Бұл биік бастамалар ел­дің экономикалық дамуына айтарлықтай ықпал етеді. Геологиялық барлауды кеңей­­­ту ел үшін ресурстарды өн­­діру­де, жұмыс орында­рын құруда, отандық және шетел­­дік инвестицияларды ынта­ландыруда жаңа перспективалар ашады.

Әлемдік нарыққа ірі ойын­шы­лардың сәтті тартылуы Қа­­зақ­станның әлемдік арена­­дағы беделі артып келе жатқа­нын көрсе­теді және шетелдік инвести­ция­лардың келуіне ықпал етеді.