Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының прокуратурасы жүргізген талдауда кәмелетке толмаған оқушылар 14 мектептің информатика кабинеттерінде тыйым салынған интернет-контенттерге еркін қол жеткізіп келгені анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың әртүрлі суицид пен зорлық-зомбылық көріністері бар сайттарға еркін қол жеткізгені белгілі болды.
Мектеп қабырғасында мұндай әрекетке жол берілгені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабы 7-2-бөлігі бойынша 14 мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бүгінгі таңда ауданның барлық білім беру мекемелерінде осындай интернет-сайттарға кіруге шектеулер қою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.