• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Қаңтар, 2024

Олимпиада бойтұмары спортшыларға серпін бермек – министр

120 рет
көрсетілді

Канвондодағы Жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында штаб кеңсесінде Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев пен Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-Ик кездесті, деп хабарлайды  Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«Корея Республикасының Елшісі Қазақстанмен туризм және спорт саласында өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуге мүдделі екендігін жеткізді. Кездесу барысында екі елдің өкілдері Ойындарды талқылап, осы жарыстан, қазақстандық спортшылардан қандай нәтиже күтетініне қатысты ой бөлісті. Жиын соңында Корея Республикасының Елшісі Жасөспірімдер Олимпиадасының бойтұмарын сыйлап, Қазақстан спортшыларына алдағы байрақты бәсекеде сәттілік тіледі»,  делінген ақпаратта.

Елшімен кездесуде министр  Канвондо Олимпиадасының бойтұмарының штаб кеңсесіне  орнығуы спортшыларымыздың жеңісіне демеу болатынына сенім білдірді.