«Ауыл» партиясының фракция депутаттары алдағы күндері 17 өңірге баруды жоспарлап отыр. Сапар барысында Павлодар облысы бойынша бірқатар ауыл шаруашылығы нысаны мен кәсіпорындар, шахталар, зауыттар, ауруханалар қамтылмақ.
Мәжіліс депутаты, партияның фракция жетекшісі, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев пен Мәжіліс депутаты Николай Арсютин Екібастұздағы «Greenhouse Qaztomat» жылыжай кешенінің жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен кездесті.
«Greenhouse Qaztomat» жылыжай шаруашылығы 2016 жылы пайдалануға берілген. Онда қызанақ, баялды, қияр өсіріледі. Кәсіпорынның жылдық қуаты – 11 мың тонна. Өнімнің біраз бөлігі импортқа жөнелтіледі. Кәсіпорында бүгінде 500-ден астам қызметкер еңбек етеді, орташа еңбекақы – 185 мың теңге.
Партия төрағасы мұндай кешенді бірінші рет болып отырғанын, барлық технологиялық жүйе заманға сай екенін атап өтті. Кәсіпорын басшылығы жылыжайға агроном мамандардың жетіспейтініне алаңдаушылық танытты. «Көкөніс тұқымдары шетелден қымбатқа сатып алынады. Бұл мәселелер ең әуелі шаруашылықтың дамуына, екіншіден баға, карантин мәселесіне кері әсер етіп тұр», деді жылыжай өкілдері. Депутаттар кәсіпорын мәселелерін мемлекеттік жауапты органдарға жеткізуге уәде етті.
Павлодар облысы,
Екібастұз қаласы