• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Қаңтар, 2024

Павлодар облысы әкімінің орынбасары жол апатына ұшырады

640 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желіде Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожиновтың Майқайыңнан Павлодарға бара жатқан жолда апатқа ұшырағаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Әкім орынбасарының қызметтік көлігі көктайғақтың кесірінен арыққа ұшып кеткен. kerek.pv хабарлағандай, жүргізуші зардап шекпеген, бірақ әкім орынбасарының сүйектері сынып, жақын маңдағы ауруханаға жатқызылған.

Павлодар облысының әкімдігі ақпаратты растады. Серік Батырғожиновтың жағдайы тұрақты деп бағаланды.