Сенат депутаттары Ғалиаскар Сарыбаев пен Амангелді Толамисов Жетісу облысындағы Кербұлақ, Панфилов және Көксу аудандарында болды.
Сенаторлар өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен, «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы және «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру барысымен танысты. Парламентшілер сондай-ақ аудандық мәслихаттардың депутаттарымен, кәсіпорындар мен ұйымдар ұжымдарымен кездесулер өткізіп, әлеуметтік нысандардың қызметіне куә болды.
Аудандық мәслихат депутаттарымен және жұмыс ұжымдарымен кездесулер барысында мектептер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын салу, агроөнеркәсіп кешенін дамыту секілді күн тәртібінде тұрған мәселелер талқыланды.
«Ауылда, әсіресе шекара маңындағы өңірлерде өмір сүру жағдайларын жақсарту – мемлекеттік органдар қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі. Бұл экономиканың дамуына және азаматтарымыз үшін жайлы өмір сүру жағдайын жасауға ықпал етеді», деп атап өтті депутат Ғалиасқар Сарыбаев.
Жетісу облысы