Синоптиктердің мәліметінше Қазақстан аумағы ылғалды атлантикалық циклонның ықпалында қалып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгін елімізде қар, бұрқасын, жауын-шашын жалғасады. Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын болады, кей жерлерде қатты жауын-шашын жауады. Республикада тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аймақтарда күндіз екпіні секундына 30 метр және одан да жоғары өте күшті жел соғады.