• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Қаңтар, 2024

Жоғарғы Соттың төрт судьясы қызметінен босатылды

149 рет
көрсетілді

Парламент Сенаты Жоғарғы соттың төрт судьясын қызметінен босатуды мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Президент ұсынысын Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп оқыды.

«Сіздердің қарауларыңызға Жоғарғы сот судьялары Ақылтай Қасимовты, Альфия Сабинованы және Айгүл Саппарованы отставкаға кетуіне байланысты, сондай-ақ Ербол Исмаиловты басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысын енгізуді сұраймыз», деді ол.

А.Сабинова мен А.Саппарова зейнеткерлік жасқа жетті, ал А.Қасимов судьялық қызметте болудың шекті жасы – 67 жасқа толды. 

Ербол Исмаилов 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ сотының судьясы лауазымына тағайындалды.