• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Жемқорлық 12 Қаңтар, 2024

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді жұмыс

197 рет
көрсетілді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Жиында Қазақстан Республикасы­ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы сая­сатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын және Еуропалық Кеңес жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобының (ГРЕКО) ұсынымдарын жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.

Бірінші мәселені талқылау барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың қисынды жалғасы екені, бұл құжат сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді жұмыс жүр­гізуге, қоғамда жемқорлыққа қарсы имму­ни­тет қалыптастыруға және халықтың әл-ауқа­тын арттыруға бағытталғаны атап өтілді.

Мемлекеттік кеңесші аталған тұжы­рым­даманы іске асыру жөніндегі іс-қи­мыл жоспарында белгіленген шаралар­ды орындаумен қатар, олардың жемқорлық деңгейін төмендетуге нақты әсері туралы объективті деректерді қадағалап отыру қажет екеніне назар аударды.

Сонымен қатар Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне құқық қол­­дану тәжірибесін мұқият зерде­леп, со­ның нәтижесінде тұжырымдаманы іске асы­ру жөніндегі іс-қимыл жоспарына тиіс­ті ша­раларды жедел енгізіп отыру ұсынылды.

Екінші мәселені қарастыру бары­сында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мылдың тиімді тәсілдерін одан әрі ен­гізу үшін ГРЕКО-мен сындарлы ынтымақ­тас­тық­ты нығайтуға баса мән берілді. Ерлан Қарин шетелдік сарапшылардың ұсы­ным­дарын пысықтап, оларды іске асыру­дың пәрменді тетіктерін әзірлеу үшін жұ­мыс­ты жандандыру қажет екенін атап өтті.

Комиссия талқыланған мәселелерді ескере отырып, нақты ұсынымдар әзірледі.