Абай облысында 17 жолаушысы бар автобус жыраға түсіп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Үржар ауданында, Мақаншы ауылынан 35 шақырым жерде болған. Оқиғаға қатты соққан жел себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеді Абай облыстық полиция департаменті.
- Жолаушылар автобусының 31 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмайһ қалған, салдарынан 17 жолаушысы бар автобус жыраға түсіп кеткен. Автобус Қабанбай батыр ауылынан Алматыға бағыт алған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам ауруханаға түсті, - деді полиция қызметкерлері.
Полицейлердің айтуынша, қазір автобусты жырадан көтеру шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады.