• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Елорда 14 Қаңтар, 2024

Елорда әуежайында 11 рейс кешіктіріліп, 3 рейс тоқтатылды

184 рет
көрсетілді

Бүгін Астана халықаралық әуежайында 11 рейс мерзімді уақытынан кеш ұшырылып, 3 рейс тоқтатылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әуежайдың баспасөз қызметі: «14 қаңтарда 11 рейс кешіктіріліп, Астанадан Алматыға, Жезқазғанға, Түркістанға ұшатын 3 рейс әуекомпанияның шешімімен тоқтатылды. Кешіктірілген және тоқтатылған рейстер метео жағдайға байланысты емес. Астана әуежайында қазір ұшу және қонуға қолайлы ауа райы сақталып тұр. Әуеайлақтағы ауа температурасы -18. Желдің жылдамдығы 12м/с», деп жазды.