• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Театр 14 Қаңтар, 2024

Дарынды жастар дебюті

157 рет
көрсетілді

Жаңа жылдың алғашқы аптасы, яғни 7, 8 және 9 қаңтарда «Астана операның» Үлкен залында елордалықтарға Тибор Кочактың музыкасына Дюла Харангозо сахналаған «Ақшақар мен жеті ергежейлі» балеті ұсынылды. Бәрімізге бала күнімізден таныс туындыда театрдың жас әртістері алғашқы дебют көрсетті.

Еске салайық, атал­ған қойы­лым театр ре­пер­туары­на «Астана опе­ра» балет труп­пасының көркемдік жетек­шісі, Ресей халық әртісі Алтынай Асыл­мұ­ратованың бас­тама­сы­мен енген. Қою­шы хореограф Дюла Ха­ран­гозоның пікірінше, бұл туынды оның бұдан бұ­рын Еуропада сахналанған спек­такльдерінің ішіндегі үздігі саналған.

Әп дегеннен қойылым кө­рермендерді керемет ханшайым мен жеті ерге­жейлінің си­­қыр­лы әлеміне жетелей жө­нелді.

«Астана опера» балет труп­пасының әртісі Айдан Қалжан жаңа жылды осы балеттегі Хан­за­даның жетекші партиясымен бастағаны өзі үшін қуаныш екенін жеткізді.

– Мұндағы Ханзада партиясы – басқа шығар­мадағы ханзадаларға қа­рағанда ерекше. Оның болмысы қарапайым, ақкөңіл. Бір жағынан, партия – хореографиялық және тех­­­никалық шешімдерімен күр­делі әрі қызықты. Жал­пы, әрбір рөлім маған ша­быт береді, жа­ныма жы­лулық сыйлайды. Негізі, табиғатым жағымсыз кейіп­керлерді ойнауға жа­­қын. Бірақ Ханзаданың пар­тиясы – мені басқа қы­рымнан танытты. Қою­шы хореограф Дюла Ха­ран­гозо классикалық би қа­ғи­дасынан алыс кетпей, оны сол күйінде сақ­тап, бұл ба­летті жаңаша көз­қараспен алып шыққан. Жаңа партия­мен сахнаға шығар алдында аздап қо­­бал­жығанымен кө­рер­мендердің ықыласын көріп, жігерлендім. Театр­дың жас әртісі ретінде ма­ған осындай жетекші рөлді ойнауға мүмкіндік бергенге қуа­нып, өзіме жүктелген мін­­­дет­ті абы­рой­мен ат­қар­дым деп ойлаймын, – деді ол.

Тағы бір талантты балет әр­тісі Жақсылық Сау­қымбеков өзі­не Аң­шының бейнесін жа­сау­ға қол­дау көрсеткен ұстаз­да­­­рының еңбегін ерекше атап өтті.

– Қойылымда Аңшы­ның партиясын ал­ғаш рет орындадым. Ак­терлік жағынан болсын, тех­никалық тұрғыдан бол­сын, бұл рөл өте қы­зықты. Ол – спек­такль­­дегі не­гізгі кейіпкердің бірі бол­ғандықтан, техниканы ой­лай отырып, актерлік ойынды ұмытуға болмайды. Сондықтан бұ­ған мен тыңғылықты дайындалдым. Гауһар Усина мен Рүс­тем Сейітбеков секілді ұстаз­дар­мен жұмыс істеп, олар ма­ған осы партияны сәтті алып шы­ғуға көп көмектесті. Әсі­ресе басты рөлдердің бірін сом­дау­ға мүмкіндік берген Ал­ты­най Асылмұратоваға ай­рық­ша алғы­сымды айтамын. Ол кісінің біз­дің талантымызды ұштауға қосқан үлесі мол, – деді дарынды жас.

Көрермендер спек­такльдегі басқа да кейіп­керлерді таби­ға­тымен ке­ліс­тіріп ойнаған со­лис­­тердерің өнеріне тәнті болды.