• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Пікір 15 Қаңтар, 2024

Бес жылдық даму циклінің басталуы

99 рет
көрсетілді

Қазақстанның сыртқы саясаты қазіргі геосаяси сілкіністер аясында жүйелілігі, салмақтылығы және бейбітшілікті жақтаушылығымен ерекшеленеді. Бұл – біздің бастамаларымызға халықаралық сенім мен қолдаудың негізі.

Биыл Қазақстан халықаралық күн тәртібін қалыптастыратын негізгі ел болады. Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Түркі мемлекеттері ұйымына, Аралды құтқару халықаралық қорына, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына төрағалық етуі еліміздің өңірде ғана емес, әлемде де бейбітшілік пен амандықты сақтау үшін жауапкершілік деңгейін арттырады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында өңірлік ынтымақтастықтың, әсіресе Орталық Азия өңірі контекстіндегі маңыздылығына ерекше назар аударған. Мемлекет басшысы «С5+» үлгісін және оның халықаралық аренадағы өңір елдерінің ұстанымдарын нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті. Экономикалық даму тұрғысында мультипликативтік әсер алу үшін стратегиялық әріптестікті терең­детуге екпін берді. Бұл – Қазақ­стан­ның өңірлік бастамаларды дамытуда және Орталық Азия елдері арасын­дағы ынтымақтастықты нығайтуда белсенді рөл атқаруға саналы түрде ұмтылатынының белгісі.

 

Айдар ҚҰРМАШЕВ,

ҚСЗИ Азиялық зерттеулер бөлімінің басшысы