• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Қаңтар, 2024

Ерекше сөздік таныстырылды

148 рет
көрсетілді

Сенатта «Qazaq Oxford Dictionary» сөздігі таныстырылды. 60 мың сөз қамтылған 1 300 беттен тұратын басылымды «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша дайындаған.

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төр­ағасы Нұртөре Жүсіп шара барысында қазақ тілінің әлем­дегі ең танымал және беделді Oxford сөздігімен өзара іс-қимы­лы мем­лекеттік тілді әлем­дік линг­вистикалық кеңіс­тікке шығаруға ықпал ететін маңызды жұмыс екенін атап өтті.

«Бұл сөздік тіліміздің халықаралық қолданыс аясын кеңейтіп, түрлі салалардағы терминдік түсініктердің мем­лекеттік тілде қалыптасуы­на ықпал етеді. Өздеріңізге бел­гілі, Аударма бюросы Рауан Кенжеханұлының жетек­шілігімен «100 кітап» жобасы аясында әлемдік үлкен еңбектерді қазақ тіліне аударды. Олар бүгінгі таңда жоғары оқу орындарында кеңінен пайдаланылуда. Бұл сөздік те сондай мағыналы еңбектің бірі болады деп пайымдаймын», деп атап өтті сенатор Нұртөре Жүсіп.

Іс-шараға Сенат депутаттары, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы» қоғам­дық бірлестігінің президенті Рауан Кенже­ханұлы, ғалымдар мен еліміздің сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.