• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Ауа райы 16 Қаңтар, 2024

Еліміздің бірқатар өңірінде бұрқасын күтіледі

284 рет
көрсетілді

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде қар жауып, бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Синоптиктер Республика бойынша ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжап отыр. Тек батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Қар жауып, бұрқасын күтіледі, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын жауады», делінген хабарламада. 

Еліміздің кей жерлерінде тұман, екпінді жел, көктайғақ болады.