«Қазгидромет» РМК 18 қаңтарда Қазақстан аумағында болатын синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылысының болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Синоптиктердің болжамынша, ауқымды антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Бұл ретте республиканың батыс, солтүстік-батыс, солтүстік облыстарында атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (негізінен қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.