Нысана көздеуден Индонезия астанасы Джакартада Азия чемпионаты аяқталды. Шешуші күні мергендер тағы жүлделі болып, ел қоржынына 3 күміс жүлде салды, деп хабарлайды Egemen.kz qaz_olympics инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
Аралас қарқында қозғалатын жылжымалы нысана көздеуде (10 метр) Фатима Ирназарова күміс жүлдегер атанды. Ол жарыста 361 ұпай жинады. Ал ерлер арасында Асадбек Назиркульев жеңіс тұғырының 2-сатысына көтерілді. Ол 377 ұпай жинап, өзінің жеке рекордын тіркеді.
Командалық сайыста Андрей Худяков, Илья Зотеев, Асадбек Назиркульев үштігі екінші орынды жеңіп алды.
Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасында 4 алтын, 5 күміс, 5 қола бар. Мұнда Александра Ле (винтовка) және Никита Чирюкин (тапанша) Қазақстан құрамасына Париж Олимпиадасының лицензиясын алып берді. Қазіргі уақытта мергендер еншісінде 5 жолдама бар.