Кәсіпқой бокста 28 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен, бірінші жартылай орта салмақта IBO чемпионы Жанқош Тұраров орта дивизионда IBF және WBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеудің иегері Жәнібек Әлімханұлымен (15-0, 10 КО) бірге жекпе-жек өткізу туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.
«Жәнібек Әлімханұлы бауырым екеуміз бірігіп, елде үлкен бокс кешін ұйымдастырсақ қалай қарайсыздар?», деп жазды Ж.Тұраров Instagram парақшасына. Жанқош Тұраров соңғы рет былтырғы жылдың желтоқсан айында Алматыда жекпе-жек өткізіп, жапон боксшысы Акихиро Кондоны жеңді. Ал Жәнібек былтырғы жылдың қазан айында неміс боксшысы Винченцо Гуальтиериді нокаутпен ұтқан болатын.