• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Пікір 19 Қаңтар, 2024

Азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған реформа

85 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы» атты Жолдауында ауқымды консти­туциялық реформа жүргізуге бастама жасай отырып, елдің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдар­ламасын жариялады. Конституциялық реформаның мәні «суперпрезиденттік» басқару формасынан «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты бойынша құрылған мемлекетке ауысу, сондай-ақ Парламент пен мәслихаттардың ықпалын күшейту болды. Ал жыл басында «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаев президент лауазымына бір-ақ рет сайлану туралы ереже енді ешқашан өзгермейтінін атап өтті.

Конституциялық рефор­маның маңызды жаңашыл­дық­тарының бірі ретінде заңымен енгізілген Президенттің өкі­леттік мерзімдерін екі 5 жыл­дықтан бір 7 жылдық мерзімге шектеу жөніндегі нормаларын атап өту орынды. Сонымен қатар Конституцияға Пре­зи­денттің жеті жыл мерзімге сай­ланатындығы және сол адамды бір реттен артық сайлай алмай­тындығы туралы Консти­туцияда белгіленген ереже­лердің өзгертуге жат­пай­­тын­дығы туралы түзету енгізілді.

Осылайша, ел Прези­ден­тінің өкілеттігін қайта сайлау мүмкіндігінсіз бір мер­зімге шектеу туралы норма Кон­ституцияның ажырамас бө­лігіне айналды және кейіннен қайта қаралуға жатпайды. Бұл саяси артықшылыққа жол беруді болдырмай, саяси бә­секелестіктің нығаюына мүм­кіндік береді.

Мемлекет басшысы атап өт­кендей, болашақ Президент­терді жеті жылдық мерзімге бір мәрте сайлау туралы нор­ма олардың алдында жалпы­ұлт­тық стратегиялық мәселелерді кейінге қалдырмай шешу қа­жеттілігін тудырып, «билікті мо­нополизациялау қаупін азай­тады».

Қалып­тас­қан демокра­тия­лық дәс­түр­лері және құ­қықтық, сая­си мәдениеті бар дамыған елдерде әдетте Пре­зидент 4-5 жылдық мер­зімге бір рет қана сайлана алады. Бұл жал­­пы алғанда 8-10 жылдық мер­зімді құ­райды. Бірқатар елдің Кон­ституциясында келе­сі мер­зімге сайлау құқы­ғын­сыз Мемлекет басшысын сай­лау­дың бір реттік мер­зімі бе­кітілген. Мысалы, Алба­нияда (5 жыл), Израильде (7 жыл), Корея Республикасында (1987 жылдан бастап 5 жыл), Мексикада (6 жыл), Моң­ғолияда (2019 жылдан бастап 6 жыл) және басқа да мемлекеттер.

Бұдан басқа, 2022 жылғы конституциялық реформа нә­тижесінде, Президенттің өз өкі­леттіктерін жүзеге асы­руы кезінде саяси пар­тия­лар­ға мүше болуға тыйым са­лынды. Аталған түзету Кон­ституцияның 40-бабының 2-тармағымен байланысты, онда Президент халық пен мемлекеттік билік бірлі­гінің, Конституцияның мызғы­мас­тығының, адам мен азамат­тың құқықтары мен бостан­дықтарының нышаны әрі кепілі ретінде бекітілген. Президент саяси алаңның «төрешісі» бола отырып, өз шешімдерінде сая­си тұрғыда бейтараптықты сақтап, қандай-да партияға артықшылық көрсетпей, ел­дің барлық азаматының мүддесі үшін қызмет етуі қажет. Конституцияға аталған түзетуді енгізу президенттік биліктің шоғырлануын шек­теу­ге, партиялық-саяси алаң­дағы бәсекелестікті нығай­туға бағыт­талған.

Ел Президентінің саяси партияларда болуына тыйы­м салатын түзетулер саяси бә­секелестікті арттыруға ықпал етіп, барлық партияның дамуы үшін тең жағдай жасап, бүкіл мемлекеттік аппараттың жұмысына оң әсер ететін болады.

Сонымен қатар консти­ту­циялық түзетулер Прези­дент­тің жақын туыстарына мем­лекеттік саяси қызметшілердің, квазимемлекеттік сектор субъек­тілері басшыларының қыз­меттерін атқаруға тыйым салды. Бұл қадам билікті теріс, сондай-ақ жеке мақсаттарға пайдалану мүмкіндігін шектеу­ге бағытталған. Президенттің облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдерінің шығарған ак­тілерін жою немесе тоқтата тұру құқығын, аудан және облыстық маңызы бар қалалар, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаладағы, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін қызметтен босатуға мүмкіндік беретін нормалар алынып тас­талды.

Конституцияға сәйкес, Әкiм­дердiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң күшiн тиiсiнше Үкімет не жоғары тұрған әкiм жоюы мүмкiн, сондай-ақ олар­дың күшi сот тәртібімен жойылу­ы мүмкiн.

Мемлекет басшысы Жол­дауда Президенттің артық өкі­леттіктерін алып тастау және әкімдерге жергілікті жер­лерде шешім қабылдау ке­зінде көбірек дербестік беру арқылы «қолдан басқарудың» тәжірибесінен бас тарту қа­жеттігін атап өтті. Бұл қа­дамдар жергілікті атқарушы органдардың дербестігі мен жауапкершілігінің және тұ­тас­тай алғанда жергілікті мем­лекеттік басқару тиім­ді­лігінің артуына ықпал етеді.

Президент облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері лауазымына ке­мін­де екі кандидатура ұсына­тыны туралы нормалар да енгі­зілді. Республика Прези­денті аталған әкімдерді қыз­метке тағайындауды тиісті мәслихаттар депутаттарының келісімімен жүзеге асырады.

Әкімдерді балама негізде сайлау тетігін іске асыру мәс­лихаттардың рөлі мен ық­палын күшейтеді, сондай-ақ кадрлық шешімдерді қабылдау кезінде жергілікті халықтың мүдделерін ұтымды ескеруге мүмкіндік беріп, халық пен мемлекеттік органдар ара­сын­дағы өзара қарым-қатынас деңгейін арттырады.

Сенатты қалыптастыру тәртібі жалпы өзгеріссіз қал­дырылды, ол бұрыңғыдай әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және ел астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сонымен бірге Сенаттағы «президенттік квота» 15-тен 10 депутатқа дейін қысқартылып, оның ішінде 5-еуі Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша тағайындалатыны туралы өзгеріс енгізілді.

Жалпы, Сенаттағы «прези­денттік квотаның» қысқаруы (3 жаңа аймақтан сайланған сенаторлар санының артуымен бірге) Президенттің Парламент қабылдаған шешімдерге ықпал ету мүмкіндігін азайтып, жоғары заң шығарушы органның жауапкершілігін арттырады.

Мемлекет басшысы бас­­та­­машылық еткен саяси ре­­­формаларды іске асыру шең­берінде саяси партия­ларды тіркеу рәсімдері, со­ның ішінде, «Саяси партия­лар туралы» заңға сәйкес партияларды тіркеу тәртібі жеңілдетілді. Саяси партияны құру кезінде бастамашы топтың саны 1 мыңнан 700 адамға дейін, саяси партияларды тіркеудің сандық шегі 20 мыңнан 5 мың адамға дейін, аймақтардағы саяси партиялар өкілдіктерінің саны 600-ден 200-ге дейін қысқартылды; саяси партияның Құрылтай съезін (конференциясын) өткізу мерзімі (2 айдан 3 айға дейін) және ұйымдастыру комитетінің қызметін тоқтату мерзімі (6 айдан 7 айға дейін) ұлғайтылды.

Ел Президенті бастама­шылық еткен саяси рефор­ма­лардың ерекше маңыздылығы мен өзектілігін атап өткім келеді, өйткені олар демо­кра­­тиялық, құқықтық мемлекет құруға, құқық қорғау инсти­ту­ттарын нығайтуға және де бәсекеге қабілетті партия­лық жүйе мен азамат­тық қоғамды дамытуға бағыт­талған. Олар саяси жүйені демо­кра­тияландыруға, азамат­тық қоғамды дамытуға және аза­маттарға мемлекеттік бас­қару ісіне тікелей қатысуға жол ашты.

 

Нұрлан БЕКНАЗАРОВ,

Сенат депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы