• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ғылым 18 Қаңтар, 2024

Жас ғалым табысы

348 рет
көрсетілді

Қ.Сәтбаев университетінің жас ғалымы Есбол Шаймардан қауіпті экотоксикант – полихлорбифенилді тиімді залал­сыздандыруға арналған катализатор әзірледі.

Экотоксикант Стокгольм кон­венциясының шешімімен тұ­рақ­ты органикалық ластағыш ре­­тінде тіркелген. Елімізде по­ли­х­лорланған бифенилдердің «Совол» және «Совтол» атты түр­лері кеңес одағы кезеңінде өте көп өндірілгендіктен, тұрақ­ты органикалық ластағыш қалды­ғы бойынша Қазақстан ТМД елдері ішінде екінші орында тұр. Бұл – бас ауыртып, балтыр сыздата­тын мәселе. Сол себепті де жас ғалым эмиссия көздеріне жақын орналасқан аймақтың топырақ және су шөгінділері үлгілері құра­мындағы полихлорланған би­фенилдердің мөлшерін анық­тап, оның таралу картасын жа­саған. Табанды зерттеу жұмы­сы­ның арқасында қоршаған орта нысандарынан алынған то­пырақ және су шөгінділерінен полихлорланған бифенилдерді толықтай алу үшін тиімді экстра­гентті де анықтаған.

– Катализатор дайындау­ үдерісінде бірінші металл кон­­сен­трациясын дайындаймыз. Тұ­рақты органикалық лас­тағыштарды түрлендіруде қол­данылатын катализатор құ­ра­мындағы қымбат металға жа­татын палладий мөлшерін азай­тып алып, оны салыстырмалы түрде мыс және никель секілді арзан элементтермен алмастыру арқылы тиімді катализатор әзір­лейміз, – дейді жасампаз ғалым Есбол Шаймардан.

Біліктілігінің арқасында Есбол аса қауіпті ластағыш по­ли­хлорланған бифенилдерді 99,6 пайызға бифенилге айналдыра білді. Қоршаған ортаны улы заттардан оңтайлы әдіспен арылтып, экономикалық тұрғы­дан тиімді технологияны дайын­дау­ға да мүмкіндік береді.

– Жас ғалымның әзірлеген катализаторы БҰҰ Тұрақты даму мақсатына жетуге және ра­тификациялаған Стокгольм кон­венциясын орындауға, атап айтқанда, тұрақты орга­никалық ластағыштарды түр­лендіру арқылы антропогенді әсері бар ластаушы заттарды залалсыздандыру саласына өз үлесін қосады деп сенеміз, – деп пікір білдірді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.