• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Технология 18 Қаңтар, 2024

Робот – сот орындаушы

196 рет
көрсетілді

Әділет министрлігі республикалық Жеке сот орындаушылар палатасымен бірлесіп, Тараз қаласында жеңілдетілген атқарушылық істі жүргізуді енгізу бойынша қанат­қақты жобаны іске қосты.

Осыған дейін азаматтар салынған айыппұлды уа­­қытында өтей алмаған жағ­дай­да айып­пұлдың 25 пайыз­ға дейінгі сомасын жеке сот орындаушыға төлеуге міндетті болатын. Енді бұл қызметті робот тегін-ақ атқарады. Жаңа жобаның нә­тижесінде ел азаматтары 2 млрд теңгеге жуық соманы үнемдей алады.

Жүйе алгоритмі келесідей тәр­тіп­пен жұмыс істейді: алдымен Бас про­куратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнінде­гі коми­теті 50 күн ішінде тө­ленбеген әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл сомасын өндіріп алу туралы ұйғарым жібереді. Бұдан ке­йін робот 5 күнтізбелік күн ішінде талапты орындау қа­жет­тігі туралы SMS хабарла­ма жөнелтеді. Үшінші қадам – айыппұл бойынша ерікті тө­лем болмаған жағдайда, жүйе жеке сот орындаушысына мәжбүрлеп орындауға атқару парағын ұсынады. Төртінші қадам – төлем уақтылы жүр­гізілсе, атқарушылық іс жүр­гізу артық шығынсыз тоқта­тылады.

Жоба сәтті жүзеге асатын болса, оны тұтастай ел аумағына енгізу жоспарланып отыр.