• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 19 Қаңтар, 2024

«Жап-жақсы коньки тебе алатынымды ұмытып кетемін». Элизабет Тұрсынбаеваның шеберлігіне жұрт тәнті болды

388 рет
көрсетілді

Жасөспірімдер арасында қысқы Олимпиада ойындарының  қола жүлдегері, әлем чемпионатының күміс медаль иегері, мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева «Медеу» мұз айдынында көпшілікке сырғанау шеберлігін көрсетті, деп жазады Egemen.kz.

Элизабет Тұрсынбаева 2019 жылы мәнерлеп сырғанаудан Жапонияның Сайтама қаласында өткен әлем чемпионатында  күміс  медаль иеленді. Еркін бағдарламада төрт айналым сальхов элементін мүлтіксіз орындады. Айта кетерлігі, ол жер жүзіндегі мәнерлеп сырғанаушылар арасынан ресми додада осы элементті тұңғыш орындаушы болып тарихқа енді.

Элизабет ел спортының тарихында әйелдер арасынан әлем чемпионатында да жүлде алған алғашқы спортшы.

«Медеу» мұз айдынында демалушыларды өзінің талантымен тамсандырған мәнерлеп сырғанаушы инстаграм желісіне «өзінің кейде конькиді жап-жақсы тебетінін ұмытып кететінін» де жазды.