Шаңғымен тұғырдан секіру сайысында 38 қарсыласпен сынға түскен Илья Мизерных чемпион атанды. Жасөспірімдер арасында тарихта алғаш рет алтын медаль алған қазақ елін сала министрі Ермек Маржықпаев құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұл – Жасөпірімдердің қысқы Олимпиадасы тарихында біздің спортшылар жеңіп алған тұңғыш алтын. Жарыстың алғашқы күнінде Илья Мизерных барлық қарсыласынан басым түсіп, жеңістің ең биік тұғырына көтерілді. Бастама өте жақсы. Осы алтын медаль барша спортшыға жұғысты болсын! Құтты болсын!», деді министр.