• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Қаңтар, 2024

«Мына дүниеден тыныштық, түсіністік таппап едің». Белгілі журналист дүниеден өтті

12535 рет
көрсетілді

Белгілі  журналист   Владимир Рерих өмірден озды. Бұл туралы журналист Дана Нұржігіт  инстаграм желісіне жазды.  

«Әлімнің әкесімен соңғы кездесуі екен... Володя, Владимир, Владимир Ахмадьянович Рерих бүгін Берлинде дүниеден озды… 1996 жылы 11 наурызда танысқан өзіңмен 2000 жылдан 15 жыл отастық. Ұлды болдық. Түсініспеген жерден мен Қазақстанда қалып, сен Германияға кеттің. Бірақ, сен менің тұлға болып қалыптасуыма, маман болып өсуіме, ана болып бала тәрбиесінде неге мән беру керектігіме зор ықпал еттің, ақылшым, сапалылық, даналық, ар, кәсібиліктің билік өлшемі болдың. Парасатың, білімің, шешендік өнерің, зиялылығың ерекше еді. Желтоқсанда барамыз деп Берлинге билет алғаным жоспарлы сапар болған жоқ, қазан айында өзімнен өзім баланы саған апарғым келді. Соңғы кездесу боларын кім білген, Володя! Анаң Эмма Александровна, менің аяулы енемнің қасына кеттің… Балаң өзіңді көріп, биылғы туған күніңмен бірінші болып құттықтағаны соңғы рет екен ғой… Мына дүниеден тыныштық таппаған, түсіністік таппаған жаның жәннәттан рахат тапсын!» деп жазды Д.Нұржігіт. Владимир Рерих 1958 жылы өмірге келді. Республикалық  бұқаралық ақпарат құралдарында басшылық қызмет атқарды.