• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Қаңтар, 2024

«Команда ойыншылары қаза тапқан ұшақта біз де болуымыз мүмкін еді». Спорт ардагері 45 жыл бұрынғы оқиғаны айтты

7691 рет
көрсетілді

Спорт ардагері, даңқты қақпашы  Құралбек Ордабаев «Бірінші бол» ютуб арнасына берген сұхбатында 1979 жылдың 11 тамызында болған  жантүршігерлік әуе апаты туралы тың дерек айтты, деп  жазады Egemen.kz.

«Біз (алматылық «Қайрат» футбол клубының ойыншылары) КСРО  чемпионатындағы кезекті матчты өткізу үшін   Минск қаласының  әуежайында болдық.   Өйткені біріншілік кестесі бойынша біз жергілікті  «Динамо» командасымен ойнауымыз қажет. Ал Өзбекстанның «Пахтакор» ойыншылары Баку қаласында тартысқа түсуі тиіс болатын. Біз  жоспар бойынша «Пахтакор» клубының ойыншылары бар  ұшаққа Минскіден мініп  Бакуге  ұшуға тиісті едік. Беларусь елінің астанасындағы әуежайда отырғанда  әуе апатының  орын алғанын хабарлады. «Орталық Азия елдерінің футбол командасы апатқа ұшырады» деген қаралы хабардан есеңгіреп қалдық. Дереу Алматыға телефон шалып өзіміздің дін-аман екенімізді айттық. Бір сағаттан кейін ғана  екі ұшақ соқтығысып, замандастарымыз, талантты  футболшылардың қаза тапқанын естідік», деді Құралбек Ордабаев.  

Даңқты қақпашы Құралбек Ордабаевты 1971 жылы «Пахтакор»  футбол клубының басшылары мен бас бапкері командаға шақырғанын да айтты, әкесі келісім бермегендіктен бармағанын жеткізді.

1979 жылдың 11 тамызында 8400 метр биікте екі  Ту-134 ұшағы соқтығысып,  178 жолаушы қаза тапты. Олардың арасында «Пахтакор» футбол командасының 14 ойыншысы мен клуб жетекшілері де   бар болатын.