• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 23 Қаңтар, 2024

Жер сілкінгенде дыбыстық дабылдың неліктен қосылмағаны айтылды

1623 рет
көрсетілді

Бүгін түнде Алматы қаласындағы жер сілкінісі кезінде  дыбыстық дабылдың неліктен іске қосылмағаны белгілі болды, деп жазады  Egemen.kz.

Алматы қалалық  төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев  дыбыстық сиреналар магнитудасы  жоғары жер сілкінісі кезінде ғана  дабыл қағатынын айтты.

«Дыбыстық сиреналар жер сілкінісінің магнитудасы 5,5 балдан асқанда іске қосылады. Бұл жолы жер асты дүмпуінің қуаты 4 және 5 балл аралығында болды. Сондықтан құрылғылар іске қосылған жоқ. Олар керісінше дүрбелең туғызар еді», деді Н. Атығаев.