Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында хоккейден Қазақстан құрамасы қола медаль үшін сынға түседі.
Атап айтсақ, кеше жартылай финалдық кездесуде (3×3) жерлестеріміз Латвияға қарсы мұзайдынға шығып, 6:19 (1:9, 2:3, 2:7) есебімен есе жіберді. Енді жерлестеріміз 3-орын үшін Аустрия құрамасымен кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы топтық кезеңінің жетінші ойнында Ұлыбритания командасынан 22:13 есебімен басым түсіп, жартылай финалға шыққан еді. Сондай-ақ осыған дейін отандастарымыз Испания құрамасын – 14:4, Польшаны – 18:8, Тайбэйді 14:2 есебімен жеңсе, Аустрияға – 8:9 Латвияға – 11:15 және Данияға 6:8 есебімен жол берген еді.