• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Президент 25 Қаңтар, 2024

Президент Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларын айтулы жетістігімен құттықтады

140 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президентке Kaspi.kz компаниясы қызметінің нәтижелері мен даму перспективалары туралы мәлімет берілді.

Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа Kaspi.kz компаниясының АҚШ-тағы NASDAQ қор биржасында IPO-ға табысты шыққаны туралы айтты. Бұл биржада Apple, Amazon, Google және басқа да әлемдік жетекші технологиялық компаниялардың акциялары орналастырылған.

Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларын айтулы жетістігімен құттықтады.

Сонымен қатар кездесуде елімізге әлемдік жетекші инвесторларды көптеп тарту үшін инвестициялық климатты жақсарту перспективалары талқыланды.