• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Экономика 26 Қаңтар, 2024

Алтын құйманың бәсі жоғары

165 рет
көрсетілді

Қадірін білгенге алтын құйма сенімді инвестиция құралы бола алады. Оның нарықтағы өтімділігінің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері клиентке сол мезетте ақшасын төлей отырып, алтын құймаларды кері сатып ала алатындығында. Осыған қызықты ма екен, былтыр екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 1,6 тонна болатын 38 729 алтын құйма саудаланыпты.

Негізінде Ұлттық банк бұл бағ­дар­ламаны 2017 жылы іске қосқан болатын. Содан бері жалпы салмағы 5,4 тоннаға жуық 151 574 алтын құйма сатылған.

Алушыларға алтын құйма бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. 2021 жылы сатып алушылар арасында ең көп сұра­нысқа ие болған түрі – 100 грам­дық құйма. Сатылған құйма­лар арасындағы оның үлесі – 28%, яғни 10 910 дана. Одан кейін 5 грамдық  құйма сұранысқа ие, 9 795 дана (25%) сатылды. 10 грамдық құймадан 9 409 дана (24%), 50 грамдық құймадан 4 818 дана (13%), 20 грамдық құймадан 3 797 дана (10%) сатылды. Алтын құймалар Алматы, Астана, Шымкент қалаларында көп саудаланыпты.

Бағдарлама  басталғалы екін­ші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айыр­­бастау пунктері жалпы сал­мағы 737 кило болатын 28 156 алтын құйманы кері сатып алған. Бұл – жалпы сатыл­ған құймалардың 19%-ы. Олар кері сатып алған алтын құй­малардың барлығы дерлік Ұлт­тық банктің филиалдары ар­қылы халыққа қайтарымсыз талаппен сатылады. Әрбір құй­­ма қорғау элементтерімен қап­тал­ған (құйманың айна беті, микромәтін және жиегі бар) және арнайы қорапқа салынып шығады. Сол арқылы құйманың ашылған-ашыл­мағанын оңай тексеруге болады. Қорғап тұ­ратын қорап, сон­дай-ақ сапа сертификаты болып саналады. Сондықтан алтын құйма­ны ұқыпты сақтап, қорабын бүлдір­меуге кеңес беріледі.

Қазір алтын құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық Банк, Jusan Bank, ЦентрКредит банкі, сон­дай-ақ жекелеген банктік емес айыр­бас­тау пунктерінен сатып алып, кері сатуға болады.