Жайланған алаңсыз бір көңіл құсап,
Жататын қотанында малы жусап.
Саябыр тартқанындай жалын құшақ,
Ауылдың түскі сәті – сабырлы шақ.
Беймарал тіршіліктің күйбеңінен,
Бейхабар сырттағыдан, үйдегіден.
Баяғы балалық шақ ауылында,
Балдәурен сүргенімдей күйге кірем.
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
Жоба авторы – Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ