Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген «Барыс» қатарынан төртінші кездесуінде жеңілістің кермек дәмін татты.
Бұл жолы жерлестеріміз Тольяттиге сапар шекті. Олег Болякин аталған матчқа мына ойыншыларды шығарды: Шутов (Паскуале) – Скленичка-Ножье, Әсетов-Апальков – Камара, Хенкель – Шалапов, Савицкий-Шестаков – Оберг, Бекетаев – Нұрғалиев, Рымарев – Червени – Мұратов, Өмірбеков – Шайхмедденов – Борисевич. Жерлестеріміз бәсекені жаман бастаған жоқ. Біраз уақыт бойы олар айдын иелеріне тойтарыс берді. Десек те бірінші кезеңнің аяқталуына бір жарым минуттай уақыт қалғанда қонақтардың қорғаныс шебі сыр берді. Содан кейін-ақ «Ладаның» хоккейшілері өз үстемдігін жүргізді. 54-минутта Остап Сафин екінші голды соққаннан кейін мәселе толықтай шешілді. Есеп – 2:0.
Қазіргі кезде «Барыс» жарыс кестесінде 19-орында келеді. Кеше олар Қазанның «Ақ Барсын» қабылдады.