• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Қаңтар, 2024

Жауынгер сүйегі елге жеткізілді

120 рет
көрсетілді

Екінші дүниежүзілік соғыста әуе қор­ға­­нысы күш­терінің арнайы әскери-көліктік ұшағымен қаза тапқан қазақ жауынгері Қисым Әдиевтің сүйегі 80 жылдан кейін елге жеткізілді.

Атырау қаласында өткен салтанатты рәсімге Қорғаныс министрлігінің, қалалық әкімдіктің, қор­ғаныс істері жөніндегі департаменттің өкіл­дері және «Сармат» маман­дан­дырылған мектеп-лицей-интер­натының оқушылары қатысты.

1942 жылы хабар-ошарсыз кеткен Қисым Әдиевтің сүйегін «Феникс» жасағының іздеушілері Смоленск облы­сының Темнин ауда­­нына қарасты Батюшково ауылы маңынан тапқан. «1911 жылы туған Қисым Әдиевті медальоны арқылы анықтауға мүмкіндік туып­ты. Ең қуаныштысы, оның туыстары да тез табыла кетті. Біз қаза тапқан жауынгердің ұлы Сембай Қисымовқа әкесінің «Шагнувший в бессмертие» медалін қоса табыстадық», деп атап өтті «Аtamnyn аmanaty» қоғамдық бірлестігі баспасөз қызметінің басшысы Әбубәкір Смайылов.

Қисым Әдиев 80 жылға жуық уақыт хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде болған. Ол майданға аттанғанда артында әйелі мен ұлы Сембай қалыпты.

– Әкем соғысқа кеткенде мен екі жас­та­ ғана болыппын. Ол кісі содан қайта орал­мады. Бізге осы қуанышты сыйлаған іздеу­ші­лер мен «Atamnyn аmanaty» қоғам­дық бір­лес­тігіне алғысым шексіз, – деді Сембай Қисымов.

Жауынгерлік дәстүрге сәйкес марқұмның сүйе­гі мен дулығасы, медальон секілді жеке зат­­­тары туыстарына табыс етілді. Енді сарбаз ту­­ған­ жерінде әскери құрметпен қайта жер­ле­­­­не­ді.