• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
12 Маусым, 2010

КЕДЕН КЕҢІСТІГІ ТАБЫСТАРҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ

458 рет
көрсетілді

Алматыда Кеден одағы аясында бірыңғай кеден  аймағын құру, сонымен қатар Қазақстан Республикасына жеке тұлғалардың жеңіл көлік құралдарын және тауарларды әкелу тәртібін өзгертуге арналған дөңгелек үстел болып өтті. Бүгінгі таңда күн тәртібінде тұрған бұл мәселелер туралы Эко­но­микалық даму және сауда ми­нистрі Жанар Айтжанова баян­дады. Қазақстанның Кеден одағына енуіндегі ең басты және ең өзекті мақсат – еліміздің инвестициялық тар­тымдылығын арттыру болып отыр. Статистикалық деректерге үңілсек, отандық экономикаға 1993-2009 жылдар аралығында 108 мил­лиард доллар шетелдік инвес­ти­ция тартылған. Оның 70 пайыз­ға жуығы  өндіруші секторға, ал, бар болғаны 10 пайыздан да тө­мендеу бөлігі өнім өңдеу саласына жіберілген. Экспорт­тау­да да мұнай, металл және өзге де шикізаттар үлесі айтар­лық­тай мол. Сондықтан да қалып­тасқан жағ­дай­ды өзгерту қажет, ел рыногы­ның 16 миллион адамнан 170 миллион адамға ұлғаюының берері мол, – деді Жанар Сейдахмет­қызы. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорын­да­ры ассоциациясының басқармасы төрайымы Любовь Худова және Қазақстан Жиһаз жасаушылар  және ағаш өңдеу өнеркәсібі ассо­циация­сының президенті Михаил Глухов заңды түрде жұмыс істей­тін­дерге көлеңкелі, астыртын биз­неспен ай­на­лысатындардың ти­гізетін зияны­ның мол екендігін тілге тиек етті. Дегенмен, кең байтақ елімізде жаңа кәсіпорындар құрылып,  өндіріс қарқынын арттыру табысқа жетелей бермек. Негізгі түйін осы. Бақыт БАЛҒАРИНА, Алматы.