Астанада терроризм актісі туралы парақшалар таратқан оқушының ата-анасы жауапқа тартылды. «Байқоңыр» ауданының Полиция басқармасы ҚР ҚК 273-бабының 1-бөлігі бойынша «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, тиісті сараптамалар тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz police_ _astana-ға сілтеме жасап.
Елордалық мектеп мұғалімі полицияға 9-сынып оқушысының үзілісте басқа оқушыларға мектеп қабырғасында заңсыз әрекеттерді жасауға шақыратын іс-шаралар туралы парақшалар таратып жатқанын байқағаны туралы полицияны құлағдар еткен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жеткен. Мән-жайды анықтаған кезде жасөспірім әзіл үшін компьютерде мәтін жазғанын және парақшаларды басып шығарғанын мойындаған. Сонымен қатар оқушының заңды өкілдеріне қатысты «кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамауы» ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен кәмелетке толмағанның анасына айыппұл салынды. Полиция департаменті мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталатынын еске салады. Балаларды тәрбиелеу бойынша тиісті шараларды қабылдамағаны үшін ата-аналар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.