Облыс әкімі Асайын Байханов Instagram желісіндегі парақшасында Майқайың кенішінде жүргізіліп жатқан іздестіру жұмыстары туралы жазды. Қазір шұңқырдың түбінде қосалқы гидравликалық балғасы бар экскаватор жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Майқайың-алтын» АҚ аумағында гидравликалық балғамен экскаватор жұмыс істеп жатыр. Оның көмегімен үлкен тастар ұсақталады. Бүгінгі жұмыстың нәтижесінде құтқарушылар автобустың үлкен бөлшегін – дөңгелікті тапты», деп жазды облыс әкімі.
Айта кетсек, іздестіру-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.