• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Хоккей 30 Қаңтар, 2024

Бесінші рет тізе бүкті

203 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсетіп жүрген Астананың «Ба­рысы» қатарынан бесінші кездесуінде жеңіліс тапты.

Соңғы рет жерлестеріміз 16 қаңтарда Уфаның «Салават Юлаевын» буллит соғу барысында жеңген еді. Одан кейін Мәскеудің ЦСКА (2:5), Екатеринбургтің «Автомобилист» (2:3), Санкт-Петербургтің СКА (0:7) және Тольяттидің «Лада» (0:2) клубтарына есе жіберді. Кеше «Барыс» өз мұзайдынында Қазанның «Ақ Барсын» қабылдады. Бірінші кезеңде татарстандық Дмитрий Юдин мен Кирилл Семенов соққан шайбаға чехиялық легионер Давид Скленичканың ғана голымен жауап қайыруға жарады. Үзілістен кейін қос команда бір-бірінің қақпа кілтін таба алмады. 47-минутта Митчелл Миллер матчтың соңғы нүктесін қойды. Есеп – 1:3.

Қазір «Барыс» жарыс кестесінде 20-орынды қанағат тұтып тұр. Елордалық клубтың еншісінде небәрі 41 ұпай ғана бар. Өзінің келесі кездесуін отандастарымыз 31 қаңтарда Омбының «Авангардына» қарсы өткізеді.