• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Құқық 30 Қаңтар, 2024

Жол жөндеудің былығы

161 рет
көрсетілді

Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданы прокуратурасының наразылығы бойынша ауданның Экономика және қаржы бөлімінің жалпы сомасы 328 миллион теңгені құрайтын ашық конкурсы өткен жоқ.

Конкурс талаптарында айтыл­ған­­­­дай, бұл қаржы «Ақжа­рық – Аппаз» тасжолын ағымдағы жөн­­деуге арналған. Алайда шын мә­нінде бұл учаскеде жергілікті және облыстық деңгейдегі уәкі­летті органдардың балансында еш­қ­андай жол жоқ екені анық­та­лып отыр.

«Автомобиль жолдары туралы» заңның 1-бабына сәйкес ағым­да­ғы жөндеу – жолдағы төтенше жағдайлардың, ақаулардың алдын алу мақсатында жүргізілетін жұмыстар кешені, яғни ол қол­да­ныстағы жолдарға жүргізілуге тиіс. Ал аталған экономика бөлі­мі осы норманы бұза отырып, құ­ры­­лыс жобасы жоқ жаңа тасжол салу­ға әрекеттенген.

Сонымен қатар құрылыс-мон­таж жұмыстары бойынша мем­лекеттік сатып алулар Қаржы ми­нистрінің 2022 жылғы 18 қаң­тар­дағы №46 бұйрығымен бекітілген «Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс арқылы жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесіне» енгізілген.

Ақтоғай ауданы прокура­ту­ра­сы­ның қадағалау актісі бойынша бұл конкурс жойылды.