• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Өнер 30 Қаңтар, 2024

Асқазанымдағы ауруды байқамай қалыппын: Ақын Айшолпанға екі ота жасалды

2045 рет
көрсетілді

Танымал айтыскер ақын Айшолпан Тілеутайға Стамбұл қаласында ота жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өнер иесі асқазаны сыр беріп, екі рет ота жасалғанын бейнежазба арқылы жария етті.

- Ел арықта деп келемеждеп, мысқылдап сыртымнан күліп жүргенде асқазанымда ауру барын да байқамай қалыппын. Артық салмақтың шешімін табамыз, алдын аламыз Стамбулға кел деп шақырған аға-әпкелеріме рақмет! Жалпы асқазаныма 2 ота жасалды.Қазіргі таңда жағдайым жақсы. Жеке парақшама алты сағат уақыт ішінде 1700-дей пікір жазылыпты. Барлығы саулығымды тілеген, демеу берген, қайрат беріп, Алладан рахым сұрап, дұға жасаған ақ тілектер екен. Кәдімгідей қуанып, қуаттанып қалдым. “Жақсы сөз – жарым ырыс” дегенді шын сезіндім. Қазақ елім, сіздерді жақсы көремін, – деп сәлем жолдады айтыскер ақын.

Сондай-ақ ол сыртқы дене бітіміне байланысты көп негатив пікір жазатындарға ренжіп қалатынын жасырмады.

- Абайлап сөйле сөзіңе,Дұшпанның бірі тіл деген.Өзіңе жеңіл болғанмен,Өзгеге ауыр зіл деген…., – деп Абай атамыз дәл айтқан. Менің сыртқы келбетіме тиісетіндер аз емес. “Қабақ болып кеткенсің”, “Пілге ұқсап қалдың”, “Бетіңді май басып кетіпті” деп пікір жазатындар көп. Соңғы 3-4 жылда салмағым күннен күнге өсіп кетті. Ол асқазанымдағы кінәратқа байланысты екен. Екі отаның бірі асқазандағы “грыжаны” алды, екіншісі көлемін кішірейтті. Диета ұстап, денсаулықты күтемін, – дейді Айшолпан.