Алдағы уақытта отандық өндірушілердің мүдделерін қорғауға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған сауда саласын реттейтін заңға түзетулер енгізілмек.
Бұл туралы жуырда «Amanat» партиясының агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) жөніндегі республикалық кеңесінің отырысында жарияланды. Қолданыстағы заңнамалық актілерге түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын Тамақ өнеркәсібінің салалық одақтары ұсынып отыр.
Қазіргі таңда отандық азық-түлік өндірушілер мен сауда компаниялары арасындағы қарым-қатынас қалыптасқанымен, біздегі өндірістің пайдасына қарай ыңғайластырылмаған. Көршілес Ресей және Беларусь өндірушілерінде өндірістің өзіндік құны біздегі компанияларға қарағанда 10-25% шамасында. Бұған, біріншіден, жоғарыда аталған елдердегі аграрлық өндірістің шикізат базасы бізге қарағанда жақсы дамыса, бұдан бөлек, шаруашылықтар нысаналы субсидиялар түрінде елеулі мемлекеттік қолдауға ие болып отырғаны. Нәтижесінде, ресейлік және беларустық фермерлер тең жағдайда өздерін біздің әріптестермен салыстырғанда экономикалық әрі қаржылық жағдайда ұтымдылық танытады. Аталған екі елдің тамақ өнеркәсібі өндірісінің өнім шығару көлемі біздегі компаниялардың көлемімен салыстырғанда бірнеше есе артық. Өйткені ауқымы кең көптеген ірі кәсіпорнымен ерекшеленеді. Мұндай ірі ойыншылар Қазақстан нарығына шығып, басып алудың экономикалық стратегиясын оңай пайдалана алады. Өйткені отандық кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетіне қолайсыз жағдай жасап қойған. Әсіресе Ресеймен шекаралас аймақтарда, біздің өндірушілерді нарықтан мүлдем кетуге мәжбүрлейтіні, өнімді өзіндік құнынан төмен бағамен сата алмайтындығында. Тіпті сауда желілеріне тиімділік танытып отырған ірі шетелдік жеткізушілердің тауар үшін төлемді арзандатып, біздегі сауда желілерімен жұмыс істеуге мүмкіндігін нашарлатып жіберген.
Мұндай қауіпті бәсекелестік елімізге сапасыз арзан импорттық өнімдерді көбірек әкелуі. Импорттаушылар тауардың бір партиясын тексерумен шектеліп, содан кейін ингредиенттердің құрамы мен сапасын тексермей, өнімді бір жыл бойы әкеле алады. Ал отандық тамақ өнімдерінің сапасы үнемі әрі қатаң тексеріледі. Бұдан кейін елдегі азық-түлік нарығында импорттың басымдылық алуы, ал біздің өнімдердің үлесі тұрақты түрде төмендеуіне жеткізіп отыр. Бұл тәжірибе еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне жапа шектіріп отыр. Заң жобасының авторлары мемлекет жергілікті және шетелдік өндірушілерге бәсекелестік үшін тең жағдай жасап, араласуы керектігін айтады.
«Біз мұндай заңның қажеттілігі баяғыда пісіп-жетілді деп есептейміз, өйткені жылдан-жылға отандық нарықта өз азық-түлік өнімдеріміздің үлесі азайып барады. Біздегі сауда компанияларына олар көбірек ақша таба алатын импорттық өнімдерімен қызықтырады. Бірақ бұл – жергілікті өндірушінің есебінен тұрған жайт. Біздің ойымызша, ішкі нарықта отандық өндірушілер үшін сауда саласындағы қолданысқа енген заңдарды түзету қажет. Дәл осы мәселені шешуге жаңа заң жобасы жолданды», деп түсіндіреді Парламент Мәжілісінің депутаты, «Amanat» партиясының АӨК жөніндегі кеңесінің басшысы Нұржан Әшімбетов.
Жоба дайындаушылары атап өткендей, жаңа заң белгілейтін негізгі жаңалықтардың бірі – отандық азық-түлік өнімдерін сауда сөрелеріне басымдық берілуі. Мұның бәрі елдегі сауда нысандарына қатысты болмақ.
Заң жобасында өндірушілер жеткізген тауар үшін сауда кәсіпорындарының төлемдерін нормалау. Мұндай төлемдерді кейінге қалдыру 30 күннен аспауы керек. Қазір сауда желілері сатылған тауарға үш ай, алты ай және одан кейін төленетін жағдайлар кездесіп жатады. Республикалық кеңестің отырысында өзіміздің ірі сүт өнімдерін өндірушілердің бірі елдегі белгілі сауда желісінің сөрелерінен наразылық ретінде өзінің барлық тауарын алып тастауға мәжбүр болған. Себебі сауда желісі жеткізілген және сатылған өнімдер үшін бір жылға жуық уақыт бойы төлемді кешіктіріп, өндірушіге шамамен 1 миллиард теңге қарыз болған екен.
Жаңа заң өңірлердегі сауда нарығында белгілі бір компанияның монополиялық жағдайын айқындайтын өлшемшарттарды өзгертуге бағытталған. Егер ескі нұсқада монополияға қарсы ведомство еліміздің барлық өңіріндегі және сауда нысандарындағы санаттар бойынша, оның ішінде шағын дүкендер мен ірі супермаркеттерді қоса алғанда нарықтағы желінің үлесін есептесе, жаңа нұсқада бір елді мекен аумағында нақты сатушының үлесін есептеу ұсынылып отыр.
«Салалық одақтар жаңа заң еліміздің сауда желілерімен отандық азық-түлік өнімдерін сатуды ретке келтіруге және осы салада қалыптасқан әділетсіз жағдайды түзетуге көмектеседі деп үміттенеді. Әзірге саудаға отандық өндірісті қолдаудан гөрі импорттан ақша табу тиімдірек. Бұл диспропорцияны отандық экономика мүддесі үшін реттеу – мемлекеттің міндеті. Заң жұмыс орындарын құратын, салық төлейтін, ең бастысы – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің стратегиялық міндетін шешетін өзіміздің өндірісті дамытуға көмектесіп, өркениетті жағдай жасауға мүмкіндік береді деп сенеміз», дейді «Қазақстан құс өсірушілер одағы» ЗТБ президенті Руслан Шарипов.
Жаңа заң жобасын әзірлеуге Парламентаризм институтының сарапшылары қатысып, барлық ережелердің заңнамаға сәйкестігін тексереді. Сондай-ақ жоба ережелерін дайындауға Парламент Мәжілісі АӨК комитетінің депутаттары мен заң қызметі тартылады. Дамыған елдердің ішкі нарықты қорғау және сауда саласында бірыңғай өркениетті нормаларды қалыптастыру жөніндегі тәжірибесін егжей-тегжей талдау жоспарда бар.
Сонымен «Сауда қызметі туралы» заң жобасының алдын ала редакциясы 1 наурызға дейін аяқталып, одан кейін құжат Парламентке қарауға жіберіледі.