Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған.
2006 жылы «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РМҚК-да аспаптар оркестрінің әртісі болып бастаған.
2009-2011 жылдары «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ дирижерлеу кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді.
2011-2013 жылдары «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ оқытушысы, аға оқытушысы болған.
2013-2018 жылдары «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ бас дирижері қызметін атқарған.
2018-2023 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болды.
2023-2024 ж.ж 30 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің вице-министрі лауазымында қызмет атқарды.