Бұл, әрине, бір аптаның нәтижесі емес. Абай облысында көшені белгіленбеген жерлерден өткені үшін 250-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Абай облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жыл басынан бері Абай облысының полицейлері көшені белгіленбеген жерлерден өткен 259 адамды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Құқық бұзушыларға ҚР ӘҚБтК 615-бабы бойынша, яғни, «Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Мұндай құқықбұзушылық үшін 2 АЕК немесе 2024 жылға 7 384 теңге айыппұл көзделген. Ал бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін – 10 АЕК немесе 36 940 теңге.