Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының прокуратурасы білім беру ұйымдарында еңбек кодексін бұзу деректерін анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Тергеу барысында облыста қылмыстық тарихы бар мұғалім мен 2 күзетші мектепте жұмыс істеп келгені мәлім болды.
Сонымен қатар балалармен тікелей байланыста жасалатын істе психиатриялық ауытқудың «Д» есебінде тұратын 1 адам қызмет атқарғаны анықталды. Олар талапқа сай жұмыстан шығарылды.
Прокуратура білім беру ұйымдарында еңбек шартын түзуге рұқсат етілмеген тұлғаларды қабылдаған мектеп директорын әкімшілік жауапкершілікке тартып, 25 АЕК көлемінде айыппұл салды.