• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 02 Ақпан, 2024

Мықтылар Парижде тоғысты

93 рет
көрсетілді

Бүгін Парижде дзюдодан Grand Slam турнирі басталды. Бұл жарыста 110 мем­лекеттен келген 661 балуан бақ сы­нап жатыр.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов Францияның бас шаһарында 14 шәкіртіне сенім артып отыр. Солардың қатарында Елдос Сметов те бар. Жасыратыны жоқ, қазір еліміздің ең атақты дзюдошысының жағдайы мәз емес. Ол әлемдік рейтингте небәрі 35-орынды қанағат тұтып тұр. Өзгелерді айтпағанда, тіптен Мағжан Шамшадин мен Нұрқанат Серікбаев сынды екі бірдей жерлесіміз Сметовтің алдын орап тұр. Міне, енді оған жағдайды түзеу үшін тамаша мүмкіндік туындап отыр. Егер осы жолы да сәтсіз өнер көрсетсе, онда Елдостың Олимпиадаға баруы екіталай.

Сондай-ақ аталған турнирде Қазақ елі намысын Нұрқанат Серікбаев (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Есет Қуанов (66 кг), Асқар Нарқұлов (73 кг), Данияр Шамшаев (73 кг), Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Руслан Мұ­саев (81 кг), Айдар Арапов (90 кг), Ермахан Әнуарб­еков (90 кг), Нұрлыхан Шархан (100 кг), Бекзат Шағатаев (100 кг), Ғалымжан Қы­рықбай (+100 кг) және Ерасыл Қажыбаев (+100 кг) сынды балуандар қорғайды.