• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Теннис 02 Ақпан, 2024

Жерлестеріміз жеңіске жетті

55 рет
көрсетілді

Бұл күндері Таиландтың Хуахин қаласында теннистен жүлде қоры 267 082 долларды құраған WTA 250 турнирі өтіп жатыр.

Аталған додада Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева сәтті өнер көрсетіп жатыр. Тұсаукесер кездесуінде жергілікті ойыншы Тхасапорн Наклоны 5:7, 6:3, 6:2 есебімен ұтқан ол екінші кезеңде швей­цариялық Виктория Голубичпен шебер­лік байқасты. Екеуі әлемдік рейтингте қатар тұр. Нақтылап айтсақ, Путинцева – 68 және Голубич – 69-орында. Тәжірибелі теннисшілердің бәсекесі өте шиеленісті өтіп, тай-брейкке дейін жалғасты. Шешуші тұста ширақ қимылдаған жерлесіміз 7:6, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Енді ширек финалда Юлия WTA тізімінде 44-сатыға тұрақтаған қытайлық Синьюй Ванмен сайысқа түседі.

Францияның Монпельесінде жалауы желбіреген жарыста еліміздің екі ойыншысы бақ сынап жатыр. Бұл турнирдің жүлде қоры 579 320 еуроны құрады. Алғашқы болып кортқа шыққан Александр Шевченко чехиялық Далибор Сврчинаға сан соқтырды – 6:4, 4:6, 6:4. Бірінші айналымда бос болған Александр Бублик екінші кезеңде канадалық Денис Шаповаловтан басым түсті – 1:6, 7:6, 6:3. Ал Германияның Кобеленц қаласындағы турнирде Михаил Кукушкин чехиялық Мартин Дамның осал тұсын таба алмады – 6:7, 7:5, 6:7.