Астана қаласының әкімдігі 5 ақпаннан бастап 8 бағытқа жаңа автобустар қосылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Сегіз қалалық маршрут 21 жаңа автобуспен толығады.
«Автобустар мына бағдарларға қосылады:
- № 3 бағдарда 3 бірлікке, (15 автобус) - № 13 бағдарда 4 бірлікке (14 автобус) - № 20 бағдарда 2 бірлікке (15 автобус) - № 21 бағдарда 2 бірлікке (16 автобус) - № 30 бағдарда 2 бірлікке (14 автобус) - № 44 бағдарда 4 бірлікке (16 автобус) - № 72 бағдарда 2 бірлікке (14 автобус) - № 73 бағдарда 2 бірлікке (14 автобус)», делінген әкімдік хабарламасында. Сондай-ақ әкімдік қаланы қоғамдық көлікпен қамту қызметін жүйелеу мақсатында қай маршуртта жолаушылар көп болатынын бағамдап отыру үшін жол ақысын төлеудің маңыздылығын атап өтті.