Канаданың Квебек қаласында конькиден Әлем кубогінің кезеңдік сайысы өз мәресіне жетті.
Қазақстанның спортшылары әдетте осындай дүбірлі додадан құралақан оралып жүргеніне сан мәрте куә болғанбыз. Қандай жарысқа қатыссақ та, үнемі көш соңында жүреміз. Бірақ бұл жолы бәрі керісінше болды. Әйелдердің командалық спринтінде құрамында Екатерина Айдова, Инесса Шумекова және Алина Даурана сынды спортшылары бар жерлестеріміз мәре сызығын үшінші болып қиып, қола медальды мойнында жарқыратты. Олардың көрсеткіші – 1:29.16.
Спринттік қашықтықта Нидерландтың конькишілері (1:27.09) қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тақты. Күміс медальды Польша құрамасы (1:27.79) иеленді.